Қазақстан 20 жылда орнықты дамып келе жатқан, өзінің мүддесін жіті түсінетін, өз мүддесін қорғай білетін дамыған елге айналды- РФ Президентінің Кеден одағындағы арнайы өкілі В Христенко
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ Кеден одағы қызметі мәселелері талқыланы.
- Нұрсұлтан Әбішұлы бүкіл посткеңестік ықпалдастық тарихының локомотиві болып табылады. Бұл орайда өткен және қол жеткізілген белестер ықпалдастық бағыттың дұрыстығын және тиімдлігін көрсетеді. 2000 жыл Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың, ЕурАзЭҚ-тың шын мәнінде жаңа форматы, бес мемлекет форматында құрылған жылы. Одан сәл кейінірек Кедендік одақты қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Және үш ел - Қазақстан, Беларус және Ресей ықпалдастық үдеріс тереңдігінде алға озып, ілгерілеп кетті, бұл да бүгінгі таңда статистикалық, техникалық, саяси жағынан да өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Кедендік бекеттер алынып тасталғаннан кейін, қарапайым азаматтар, бизнес үшін, барлығы үшін күтпеген жерден тауарлар, капиталдар еркін жылми бастады. Бұл соңғы үш жылдың жетістіктері екені сөзсіз. Үш жылдың ішінде жаңа ықпалдастықтың, Кеден одағының құқықтық және ұйымдық базасы қалыптасқан кезде, бұл кезең қазірдің өзінде келесі жаңа фазасына шығып келеді, ол келесі жылдан басталады. Енді бұл фаза функциялардың Бірыңғай экономикалық функцияларына дейін кеңеюі, сонда тауарлар ғана емес, қызметтер ғана емес, одан да анағұрлым үлкен көлем қаржы саясатын, салық саясатын үйлестіріп отырады, біздің үлкен тұрақтылығымыз бен дамуымыздың орнықтылығын үйлестіріп отыратын элементтер болады. Бұл жылы біз Ресей мен Қазақстанның екіжақты тауар айналымын 40 пайызға өсірумен келеміз, біз 20 млрд. долладан асатын біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы бойынша бүкіл тарихымыздағы рекордтық межеге шығамыз. Беларуспен де осындай үдерістер жүріп жатыр. Иә, біз жаһандық дағдарыстың қиын кездерін бастан кешіп жатырмыз, олар әлбетте біздің экономикамызға әсерін тигізбек. Ықпалдасуды тереңдету біздің экономикаларымыздың дамуын бұрынғыдан да орнықтырып, нығыздай түспек. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бүгінгі кездесуіміз комиссиялар қызметі үшін жаңа құқықтық базаны қалыптастыруға арналды. Ол да бұрынғыға қарағанда кәсіби, тұрақты жұмыс істейтін орган болып, жаңа ықпалдастық алаңында ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бір жағынан Қазақстан Президентінің орасан зор тәжірибесінің арқасында, екінші жағынан бұл үдерістердің маңызын түсіне отырып, бүгінде мәмілелік шешімдердің қисынын табудың сәті түсіп келеді. Бұл шешімдер дамудың алдағы үлкен көкжиектерін қамтамасыз ететін болады. Қазақстан 20 жылда басқа елге - орнықты дамып келе жатқан, алдағы перспективаларды дәл көріп келе жатқан, өзінің мүддесін жіті түсінетін, өз мүддесін қорғай білетін, әртүрлі салаларда ірі жобаларды жүзеге асырып отырған, дамыған елге айналды. Президенттік сарайдың терезесінен жаңа Қазақстан қандай болатынына айқын дәлелдерді көруге болады. Мен елдің бейнесі, қалалар, адамдар қалай өзергенін көріп жүрмін. Мен үшін бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ел қол жеткізген жетістіктерңің өте жоғары белгісі, - деді В.Христенко журналистерге арналған брифингіде.