«Күз айларының жақындауымен жүргізілген жылсайынғы талдаудың нәтижесіне сүйеніп, көкөністерді сатып алулардың арасында бірінші орында әдеттегідей, картоп (5,7 млрд. теңге) тұрғанын атап өте аламыз. Ал жеміс-жидектердің арасында алмалар (1,3 млрд. теңге) тұр. Жалпы алғанда, мемлекет 2011 жылы көкөністерді сатып алуға 9,7 млрд., ал жеміс-жидектерге 3,3 млрд. теңгеден кем емес қаражат жұмсауды жоспарлап отыр», - деп атап өтті «Электронды коммерциялар орталығы» ЖШС-ның басқарма бастығы Сұлтанқажы Ахметов.
Электронды түрде мемлекеттік сатып алуларды өткізу алаңы - ҚР Қаржы министрлігінің тапсырысы бойынша Электронды коммерциялар орталығы әзірлеген - веб-портал болады. Қазақстандық портал мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін ғана емес, тауарларды жеткізушілер, сатып алушылар және өткізілетін келісімдер туралы ақпараттарды орналыстыруға арналған.
ҚР мемлекеттік сатып алулар веб-порталын қолданушылардың саны күн өткен сайын артып, тіркелген пайдаланушылардың саны бүгін 106 мыңға жетті. Порталда барлығы 7 млн. лот және 2,3 млн.-нан астам хабарландыру жарияланды. Соңғы айда порталда 1,4 млн.-нан астам келуші тіркелді. Олардың денін қазақстандықтар құрағанымен, олардың арасында көрші елдердің кәсіпкерлері де аз емес. Мәселен, шілде айында Ресей Федерациясынан 18 мың, Украинадан 3 мың келуші тіркелді. Сондай-ақ порталға Қытай, АҚШ, Германия және Үндістан елдерінің өкілдері де қызығушылық танытуда.