Қазақстан 2012 жылдың 11 айында 52,2 млрд. доллардың мұнайын экспорттады

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстан 52,2 млрд. долларды құрайтын шикі мұнай мен газ конденсатының 62,9 млн. тоннасын экспорттады. Бұл көрсеткіш 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көлемі жағынан 1,1 пайызға кем, ал қаржылық құны жағынан 3,9 пайызға артық. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті хабарлайды.

Кедендік бақылау комитетінің жариялаған мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық мұнайдың ірі сатып алушылары мыналар болып табылады: Италия - 13,7 млрд. долларға 16,4 млн. тонна, Қытай - 7,5 млрд. долларға 9,2 млн. тонна, Нидерланды- 6,2 млрд. долларға 7,4 млн. тонна, Франция - 5,1 млрд. долларға 5,9 млн. тонна, Аустрия - 4,6 млрд. долларға 5,9 млн. тонна, Румыния - 2,7 млрд. долларға 3,5 млн тонна, Канада - 2,9 млрд. долларға 3,2 млн тонна және Швейцария - 1,9 млрд. долларға 2,4 млн. тонна мұнай сатып алған.