Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан және ғарыш» халықаралық конференциясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Францияда жұмыс істеп тұрған кешенге ұқсас ғарыш жерсеріктерін жинақтау және сынау кешенінінің 2012 жылға қарай құрылатынына сенімдіміз», - деді Ө.Шөкеев. «Бұл отандық ғарыш саласындағы үлкен серпіліс болмақ», - деп атап көрсетті ол.