«Биыл ЖІӨ өсімін қайта қарау мәселесі талқылануда. Себебі қалыптасып отырған коньюктурада, яғни ЖІӨ өсімін қаматамасыз ететін мұнайгаз саласының үлесі елеулі - 70 пайыздан астам. Сондықтан да бағалардың өзгеруін ескере отырып, бізде орташа жылдық бағамен шектелген 95 доллар (мұнайдың бір барреліне) дәлізі сақталуда»,-деді министр.
Сонымен қатар мұнай бағасы бүгінде құбылуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан да оның тұрақтылығына ешкім де сенімді бола алмайды.
Оның пайымынша, 2015-2017 жылдардағы ЖІӨ бойынша өлшемдер ауысуы мүмкін.
Осы орайда ол қазіргі кезде Үкімет мәліметтерді түзетуді ескере отырып, аталған болжамды қарастырып отырғандығын жеткізді.
«Бүгінде Үкіметтің жоспарлары қайта қаралуда және біз тоғыз айдың қорытындысын күтіп отырмыз. Қорытынды 15 қазанда дайын болады. Осыдан кейін біз қажетті шараларды қабылдаймыз»,-деді Е. Досаев.
Ведомство басшысының айтуынша, сонымен қатар инфляция бойынша да мәліметтер қайта қаралады.