АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан 2015 жылы күрес түрлерінен өтетін әлем біріншілігін өткізуге ниетті.
«Аламан» порталының мәліметінше, қазіргі кезде біздің ел балуандардың бүкіләлемдік байрақты бәсекесін қабылдауға өтініш дайындауда.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Әлем чемпионаты Будапештте, ал 2014 жылы Ташкентте өтеді. Сондай-ақ айта кетейік, Қазақстан 2013 жылы бокстан, 2014 жылы ауыр атлетикадан әлем біріншілігін қабылдайды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.