Қазақстан 2016 жылы аусылдан азат елге айналады - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2016 жылы аусылдан азат елге айналады. Бұл туралы бүгін Ұлттық ветеринария бойынша референттік орталықта ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлім етті.

«Өткен жылы Қазақстан елдің басым бөлігі аусылдан азат аймақ мәртебесін алған болатын. біз өңірдегі бұл мәртебеге ие болған ең бірінші елміз. Ал ағымдағы жылы республиканың бүкіл аумағы аусылдан азат ел мәртбесін алу үшін Қазақстанның екінші өтімі қаралуда», - деді аталған орталықтың жұмысымен танысқан Халықаралық эпизоотиялық бюроның бас директоры Бернард Валла.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі мәртебелі мейманның бұл сапары Қазақстан үшін зор маңызға ие екендігін баса атап өтті.

«Өздеріңіз де білетіндей, ағымдағы жылы 9 облысымыз «вакцинасыз аусылдан азат аймақ» мәртебесін алған болатын. Бүгінде бұл өңірлер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттермен еркін сауда-саттығын бастап кетті. Қалған 5 облыс бұл мәртебені алғаннан кейін бүкіл Қазақстан аусылдан азат ел ретінде танылатын болады», - деді Г.Исаева.