Азия-Тынық мұхиты аймағының өкілі ретінде Қазақстан бұл орын үшін алғаш рет күреске түсіп отыр. Энергетикалық қауіпсіздік саласындағы өңірлік көшбасшы және жаһандық әріптес ретінде халықаралық бітімгерлік миссиясына сүбелі үлес қосып жатқан Қазақстан Республикасы БҰҰ ҚК алдындағы бірқатар өзекті мәселені шешу жолында өзінің ерекше тәжірибесі мен арнайы білімін пайдалануға ниетті.
Қазақстанның өтініші төрт негізгі принципке сүйенеді: азық-түлік қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, энергетикалық қауіпсіздік және ядролық қауіпсіздік.