«2012-2019 жылдары аралығындағы энергия тиімділігін арттыру жобаларына тартылатын сыртқы гранттар мен халықаралық қаржы ұйымдары займдарының шоғырландырылған көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды. Немістің DENA энергетикалық агенттігі «бір терезесі» арқылы еуропалық ЭСКО компаниясын тарту жұмыстары да жалғасады», - деді Ә.Исекешев.
Министрдің атап өтуінше, қазірі уақытта Ұлттық энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы даму институты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен энергия ресурстарын пайдалану бойынша ақпараттарын жинау және өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде аталған тізілімге 6 мыңнан астам субъект енгізілген. Оның ішінде 3 мыңға жуық субъект энергия аудитін жүргізуге міндетті.