АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2020 жылғы футзалдан әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан 2020 жылғы футзалдан әлем чемпионатын өткізуге бастапқы өтінішін тапсырды. Негізгі өтінішті тапсыру үшін 2016 жылдың 5 тамызына дейін қажетті құжаттарды толық жинап үлгеру қажет.
Әлем біріншілігін өткізуге Қазақстанмен бірге - Иран, Коста-Рика, Латвия, Жаңа Зеландия, БАӘ, Хорватия, Япония өтініш берген.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.