“Бұл зауыт кейінгі 33 жылдың ішінде 34 кеме шығарды. Оның бәрін Каспий айдынында қызмет өтейтін теңіз шекарашылары, әскери теңіз күштері жұмысында қолданып жүр. Біз Қазақстан қарулы күштерінің, соның ішінде әскери теңіз күштерінің қызметіне қажет кеме шығарумен ғана айналысамыз. Яғни, экспортқа ештеңе өндірмейміз”, - дейді зауыт басшысы.
Кәсіпорын алдағы екі жылда кеменің жаңа түрін жасап шығармақшы.
“Әскери теңіз күштерінің жаңа жобасын іске асырмақшымыз. 700 тонналық көпфункциалы кеме құрастырып жатырмыз. 2026 жылы айдынға шығарамыз деген жоспар бар. Қазір Еуропаның, Оңтүстік Кореяның кемелері озық техонологиямен жабдықталған. Біз де өз кемелерімізді жасаған кезде сол тәжірибклерді басшылыққа алып отырамыз”, - дейді Қадыржан Мұқанов.