Осы орайда министр оптимистік болжамды құру - ол ең алдымен Қашаған мен басқа да кен орындарын бұдан ары қарай дамыту жобаларын болашақта бекіту үрдісіне байланысты екенін сөз етті. Сонымен қатар аталған мерзімде жаңа кен орындары іске қосылуы мүмкін.
Алайда Ұ. Қарабалин келешекте жылына 150-180 млн. тонна мұнай өндіру жоспары өз күшінде тұрғанын жеткізді. Министрлік қазіргі кезде табиғи ресурстарды тиімді басқару тұжырымдамасына негізделіп жұмыс істеуде.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы мұнай өндірудің үлесінде кен орнын дамытудың алдын ала жоспары бойынша Қашағанның үлесі тәулігіне 1,5 млн. баррельді құрамақ.
«Егер де кен орнын дамытудың алдын ала болжамдары мен жоспары бекітілсе, бұл Қашағанда қол жеткізілетін ең жоғары мұнай өндіру деңгейі болмақ. Қазіргі кезде Қашағанда мұнай өндіріліп жатыр», - деп түйді министр.