«Республикада жалпы өлім көрсеткіші былтыр 4,8 пайызға азайды. Былтырғы жылы елімізде ана өлімі көрсеткіші 6,7 пайызға азайды. Бұл көрсеткішті төмендету серпінін ескере отырып, біз 2030 жылға қарай Еуропа Одағының көрсеткішіне деңгейлестіреміз. Тоқтала кететін жайт, бұл көрсеткішке негізінен алғашқы медициналық көмек жұмысын жандандыру арқылы қол жеткізу мүмкіндігі қамтылды. Алайда, стационар дәрігерлерінің біліктілігі төмен болып отыр. Бұл проблеманы шешу үшін өңірлерде оқу орталықтарын құрдық», - дейді министр. Оның айтуынша, осындай орталықтарда өңірлерде орын алған өлімнің жағдайлары тексеріледі.
Келтірілген деректерге қарағанда, былтырғы жылы елімізде туберкулезбен сырқаттанушылық он пайызға, одан болатын өлім-жітім 24 пайызға азайған.