«Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды жаңа белестерге көтереді. Елбасының бастамасын әрі қарай жүргізіп, халықтың әл-ауқатын оңалтуға аянбай еңбек ететін тұлға», -деді «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшесі Борис Жапаров.
Демокартиялық күштер коалияциясының мүшелері бүгінгі күні еліміздің алдында жаңа саяси кезеңдер мен реформалар күтіп тұрғанын атап өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш мақсат: сабақтастық, әділеттілік, өрлеу тұғырнамасын жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық аймақтарында құрылған демократиялық күштер коалициясының мүшелері өз үлестерін қосады»,-дейді «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Жазылбеков.