«Өз таңдауын жасаған Қазақстан халқы бірлікті, жоғары патриотизмді көрсетті. «Нұр Отан» жеңісі азаматтық қоғам күшін мемлекеттік маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретініне сенеміз. Қоғамдық ұйым ретінде осы үрдісте барынша белсенді болғымыз келеді», - деді ол.
Сондай-ақ Ә. Шәрібаева жаңартылған құрам басқарушы партия айтқан реформаларды іске асыруды жалғастыратынына сенімділік білдірді. Бұл ел экономикасының өсімін қамтамасыз етеді.
Еске салсақ, ҚР ОСК алдын ала қорытындысы бойынша «Нұр Отан» 82,15%, ҚКХП - 7,14%, «Ақ жол» - 7,18%, «Бірлік» - 0,29%, ЖСДП- 1,18%, «Ауыл» партиясы - 2% дауыс жинады.