Бұл туралы бүгінгі ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауына қатысты пікірін білдірген ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми айтты. Жолдауға қатысты пікірі Сенат спикерінің блогында жарияланған.
Қ. Мәми қазақстандықтарды еліміздің 21-ші Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады.
Қ. Мәмидің пікірінше, Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді.
Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принцптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.
Елбасы белгілеп берген «Қазақстан 2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты - қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.