АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан Қытайдың Ухань қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы FIBA әлем кубогінде бақ сынайды.
Жарыс 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Нидерланд, Сербия және Тонга командаларымен кездеседі.
Қазақстан сапында Жәңгір Дүйсенов, Роман Байболов, Илья Пестов, Айболат Омаров және Азамат Жәнібеков өнер көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзірбайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялаған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Түрлі ақпараттық порталда журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.