«Биыл 30 қазанға дейін біз 4 мыңнан астам тонна ет экспорттадық. Құс етін қоса есептегенде, бүгінде Қазақстан 8 800 тонна етті шетелге шығарды», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстандық ет экспортының негізгі бөлігі Кеден одағы елдеріне жіберіледі.
«Негізінен ет экспорты Ресейге, оның ішінде Мәскеуге және елімізбен шекаралас өңірлерге жіберіледі. Сонымен қатар, оңтүстік көршілеріміз - Өзбекстан мен Қырғызстанға да ірі көлемде ет экспорттаймыз. Сондай-ақ, аз мөлшерде болса да Халал стандарттары бойынша өндірілген еттерді Ислам мемлекеттеріне жіберу тәжірибеміз де бар. Мұндай технологиялар қазір еліміздегі кәсіпорындарға көптеп енгізілуде», - деді вице-министр.
Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстан ірі қара етін экспорттау көлемін 60 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Ұлттық қордан 120 млрд. теңге бөлінген.