Бұл жайлы Алматыда өткен Кеден одағы туралы алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Ресейдегі кедендік баж деңгейі неғұрлым жоғары болғандықтан 400-ден аса тауарларға өтпелі кезең алу келісіміне қол жеткізді. Мысалы дәрі-дәрмекте - 5 жыл, химиялық өндіріс шикізаты және полимерлерге - 4 жыл. Енді целлюлоза, темір жол вагондары, медициналық құрал-жабдықтар сияқты бүгін республикада өндіріліп отырған көлемі экономикамыздың қажеттілігіне жетпейтіндіктен өзге елдердің импортына тәуелді болып отырған тауарлар өндірісін осы кезеңде орнына тұрғызуымыз керек», дейді Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.