Қазақстан 47 мемлекетпен виза жүйесін жеңілдетті

None
АЛМАТЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгінгі басқосуда көтерілген мәселелерді жүйелеп, алдағы уақытта одан ары талқылаймыз.

Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қарлығаш Кәкен бүгін Алматыда «ҚР 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында туризм саласын дамыту» деп аталатын республикалық семинарда осылай айтты.

«Біз бұл мәселені бұған дейін Қазақстанның туристік қауымдастығы мен Сырты істер министрлігінде талқыладық. Енді еліміздегі консулдық қызметтермен де осындай мәжіліс өткізбекпіз. Сыртқы істер министрлігі 17 сәуірде бізге 47 елмен виза жүйесін жеңілдеткені туралы хат жіберді», - дейді Қарлығаш Ғазизқызы. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Медеу» спорт кешенінің даму жобаларына айрықша қызығушылық білдірген Қ.Кәкен бұл нысандардың Алматы қаласы ғана емес күллі Қазақстанның туризм индустриясындағы рөліне жоғары баға берді. Сондай-ақ басқосуда сөз болған жәйттерге қорытынды жасамастан бұрын барлық мәселенің жай-жапсарын толық айқындап алуды ұсынды.