Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі халықтың иммундық профилактикасы мәселелеріне үлкен назар аударады, себебі дүниежүзінде ол инфекциямен күресудің барынша тиімді, үнемді және қол жетімді құралы болып танылды. Осыған байланысты инфекцияларға қарсы тиімді вакциналар бар инфекциялар тізбесін кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация егу мәселесі қарастырылған. 2010 жылдан бастап пневмококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, 2011 жылдан бастап Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында басталды.
Одан әрі бұл бағыттағы жұмыстар: 2012 жылдан бастап - Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 2013 жылдан бастап Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында, 2014 жылдан бастап Ақтөбе, Павлодар облыстарында, Астана қаласында кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
2015 жылдан бастап балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау республика бойынша жүргізіледі. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес пневмококк вакцинасы 2, 4 және 12-15 айлық балаларға егіледі. Қазақстанда вакцинация құрамында 13 пневмококк серотипі бар, ол АҚШ-та шығарылған. Пневмококк инфекциясы жыл сайын әлемде 5 жасқа дейінгі балалардың 1 миллионға жуық өлім-жітімін тудыратын балалардың сырқаттануы мен өлім-жітімінің көп тараған себепшілері болып табылады. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау 52 елде жүргізіледі, ТМД елдерінің ішінде Қазақстан пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияны енгізген бірінші ел.