деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық математикалық олимпиада - 1959 жылдан бері жоғарғы сынып оқушылары арасында өткізіліп келе жатқан математикадан әлем чемпионаты.
Қазақстан ТМД елдері ішінде аталмыш олимпиаданы бірінші болып өз жерінде өткізу мәртебесіне ие болып отыр. 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада 2010 жылы шілденің 6-сы мен 15-і аралығында Астана қаласында өтеді. Оған 110 елден келген 300-ден жоғары командадан 600-ге жуық жас математик қатысады.
Аталмыш олимпиадаға қатысқан кезеңдерде қазақстандық оқушылар 62 медаль ұтып алған, оның 8-і алтын, 17-сі күміс және 37 қола медаль.
Осындай айтулы шара қарсаңында оқушылардың математикаға деген ынтасын жоғарылату үшін Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан 51-ші халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады» декадасын өткізбек.