Қазақстан 5G желісін енгізуде әлем елдерінің ондығына кіреді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов елімізде 5G желісін енгізуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G желісібойынша қанатқақты жоба қолға алынғанын еске салды.

«Бұл жұмыстар провайдерден қандай ресурстар керектігінайқындап береді. Осы шаралардың нәтижесі бойынша 5G енгізіледі. Өздеріңізбілесіздер, Қазақстан алғашқылардың бірі болып 4G жүйесін енгізуді бастағанеді, енді бүгінде 5G-ді енгізуге де ерте қамдандық», - деді А. Оспанов.

Осы орайда,ол аталған жаңа жүйені елімізде кеңінен тарату үшін 5G желісімен жұмыс істей алатын қажеттіқұрылғылар, яғни смартфондар болуы тиіс екенін түсіндірді.

Айта кетейік, биыл көктемде ҚР Премьер-Министрі Асқар МаминҚазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді.

Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстараясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындапилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдарсаны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария,Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерініңондығына кіреді.

Соңғы жаңалықтар