Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Дастан Рыспеков айтып берді.
18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік опеторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған.
«Үш күнде оларды елге қайтару бойынша 14 чартерлік рейс жасалып, 2 818 адам елге қайтарылды. Жалпы 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған. Енді 1022 туристі қамтитын 5 рейс қалып отыр. Бүгін кешке және түнде 733 жолаушыны әкелетін 4 рейс жоспарланған», - деді Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, тұрақты рейстермен 1879 адамның 1695-і Қазақстанға қайтып келді. Қазіргі уақытта шетелдегі 379 азаматты қайтару қалды, оның 319-і 23 наурызға дейін Ресей арқылы транзитпен қайтады.