«Үкімет жаңартылатын энергетика секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ұмтылады. Біз Total, Svevind, ACWA Power және Masdar сияқты әлемдік ойыншылармен қуаты 43 гигаватт болатын жасыл энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы келісім жасадық», — деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін зор әлеуетке ие екендігіне де тоқталды.
«Біздің еліміз ядролық отын циклі аяқталған дерлік әлемдегі ең ірі уран өндіруші саналады. Өздеріңіз де білетіндей, жақында өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы мақұлданды. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігімізге ұзақ мерзімді инвестиция саналады. Қазіргі уақытта біз осы жоба үшін халықаралық консорциум құру мәселесін пысықтап жатырмыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейтіндігін жазған едік.