Сот процесі Қазақстан Республикасына қарсы шығарылған шамамен 500 млн АҚШ доллар көлеміндегі халықаралық төрелік шешімге байланысты қозғалды. Талап-арыз жеке және заңды тұлғалардың бірігуі арқылы Стати тарапынан жасалған күрделі және ауқымды алаяқтықтың салдарынан келген шығынды өтеуді көздейді. Сонымен қатар, сот процесі талап-арыздың болашақ орындалуын қамтамасыз ету шараларын ұсынады.
Сонымен бірге, Стати тарапы Қазақстанда жасырын бір-бірімен байланысқан ақша аударымдары мен сұйылтылған көмірсутек газ зауыттарының бағасын алдамшы жолмен қымбаттату арқылы жалған қаржы есебін дайындауы талап-арыздың маңызды өзегі болып табылады. Бұдан басқа, қазақ мұнай-газ компанияларынан баға ұсыныстар алу үшін Стати тарапы көмірсутек газ зауыттарға жалған бағалар мен қаржы есептемелерді пайдаланды. Халықаралық төрелікте Стати тарапымен осы әдісті зауыттардың бағасын қымбаттату мақсатында дәлел ретінде ұсынды. Аталған алаяқтық тәсіл төрелік трибуналдың соттылық, жауапкершілік және шығынды өтеу жауапкершілігін анықтау шешіміне әсер етті, деп мәлім етті ҚР Әділет министрлігі.
Стати тарапы, сонымен қатар, АҚШ пен Ұлыбританияда арам жолмен қол жеткізген төрелік шешімді заң бойынша орындау іс-шараларына әрекет.
Шешімді орындаудағы Стати тарапының әрекет етуі және Швециядағы төрелік шешімнің күшін жою сатысында Қазақстан Республикасы бірталай құжаттарды мәжбүрлі түрде ашуға қол жеткізді. Осы құжаттар алаяқтық тәсілді көрсетті. Өтіп жатқан ағылшын сотында Қазақстан Республикасы жаңа дәлелдерді әзірлегеннен кейін Лондон қаласының Жоғары соты 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Стати тарабы төрелік шешімге алаяқтық жолмен алғандығы жөнінде «айтарлықтай жеткілікті дәлелдер» бар екендігі және мәселенің сотта тыңдалуы жөнінде қаулы шығарды. Бұдан кейін Стати тарабы ағылшын сотының шешімі туралы хабарламай, Нью-Йорк штатының, Швеция, Голландия және Люксембург соттарына төрелік шешімді орындау үшін жүгінді.
Қазақстан Республикасы Стати тарабымен АҚШ-тың бопсалаушылыққа қатысты заңнамасын бұзу нәтижесінде пайда болған залалды өтеу және алаяқтық жолмен қол жеткізген төрелік шешімді орындауға тыйым салу үшін аталған процесті қозғады.
Іс №1:17cv2067 нөмірмен тіркелген. Қазақстан Республикасының мүдделерін Norton Rose Fulbright US LLP халықаралық заң фирмасының өкілі Мэтью Киртланд (Matthew H. Kirtland) қорғайды.