Level 1 — АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяхаттауға кеңес беру жүйесіндегі ең төменгі деңгей. Ол саяхаттаушыларға қарапайым сақтық шараларын қолдану жеткілікті екенін білдіреді. Қазақстан осы санатқа жіктелген.
Сонымен қатар, бұл санаттағы елдерге Канада, Жапония, Швейцария, Португалия, Польша, Румыния, Словакия және Словения кіреді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті жүйесінде төрт деңгейлі кеңес беру қарастырылған. Level 2 — сақтық шараларын күшейтуді, Level 3 — саяхаттау қажеттілігін қайта қарауды, ал Level 4 — саяхаттан бас тартуды ұсынады.
Ұлыбритания, Испания және Швеция 2-деңгейге жіктелген. Түркия да Level 2 санатында.
Бұл жерде АҚШ Мемлекеттік департаментінің жіктеуі — халықаралық қауіпсіз елдер рейтингісіне жатпайтынын атап өткен жөн. Бұл АҚШ азаматтарына арналған және халықаралық саяхатпен байланысты қауіпсіздік тәуекелдерін ескеретін ұсыныстар жүйесі.
Сондықтан Қазақстан тағы бірқатар ел қатарында АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяхатқа қатысты кеңесінде қолайлы елдер санатына кіреді.
Бұған дейін Өзбекстанға барған шетелдік туристердің әр төртіншісі — Қазақстан азаматы екенін хабарлаған едік.