Ұйымның тоқсандық шолуына сәйкес, осы кезеңде Қазақстан Ұлттық банкі елдің алтын қорын 15 тоннаға ұлғайтқан.
Алтын сатып алу көлемі бойынша бірінші орында Польша тұр. Ел 2026 жылдың екінші тоқсанында алтын қорын 51 тоннаға көбейткен.
Қытай 33 тонна, Өзбекстан 16 тонна, Қазақстан 15 тонна алтын сатып алған. Сондай-ақ Иордания мен Чехияның орталық банктері қорларына 6 тоннадан алтын қосқан.
Жалпы, әлемнің орталық банктері екінші тоқсанда шамамен 289 тонна алтын сатып алған. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға көп. Былтыр осы уақытта сатып алу көлемі шамамен 178 тоннаны құраған.
– Алтынға сұраныстың артуына геосаяси белгісіздік, тоқсан ішінде бағалы металдың арзандауы және мемлекеттердің халықаралық резервтерін әртараптандыруға ұмтылысы әсер етті, – делінген Дүниежүзілік алтын кеңесінің шолуында.
Ұйым жүргізген сауалнамаға сәйкес, орталық банк өкілдерінің 89%-ы алдағы бір жылда әлемдік алтын қорының көлемі артады деп күтеді. Ал респонденттердің 45%-ы өз елдерінің алтын қорын ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтқан.
Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұратынын мынау сілтемеден оқыңыз.