Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет - Бүкіләлемдік Рухани мәдениет форумының президиумы

ТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы Қазақстаннан өзге елде болмайды.

Бұл туралы бүгін Астанада Бүкіләлемдік Рухани мәдениет форумы президиумының мәжілісінен соң, журналистермен болған баспасөз мәслихатында сенатор Төлеген Мұхамеджанов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш форумды өз елдерінде ұйымдастыру жөнінде Болгария, Үндістан сияқты бірқатар мемлекеттерден ұсыныс түскен. «Алайда біз мынадай мәселені айта кетуіміз керек. Әзірбайжан елінің әйгілі әншісі Полат Бюль-Бюль оглы осы форумның тек Қазақстанда ғана өткізілуі қажеттігін айтқан болатын. Себебі тек Қазақстан ғана осындай мән-мазмұндағы жиынды өткізуге құқылы. Бүгінгі президиумның мәжілінде оған қатысушылар да осыны айтумен болды. Мәжіліске қатысушылар елімізге Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет деген баға беріп отыр», - деді сенатор.