Қазақстан әлемдегі ең көп алтын өндіретін елдердің біріне айналады - ҚР Президенті

None
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда 2015 жылға дейін алтын өндіру жылына 70 тоннадан асатын болады.

Сөйтіп біз әлемдегі алтынды ең көп өндіретін елдердің біріне айналамыз», деді бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан минералды ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресс барысында.

Президенттің айтуынша, елде алға қойылып отырған осы тектес міндеттерді жүзеге асыру үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Енді оларды тек сапалы пайдалана білу керек. «Бізде құрамы бай пайдалы қазбалар өте көп. Бірақ уақыт өткен сайын азайып келеді. Сондықтан оларды байыту технологиясын дамытуға күш салу қажет», деді Мемлекет басшысы.