«Жалпы қосылған құн салығының құрылымы мен оны әкімшілендіру мәселесінде сұрақтар баршылық. Бұл негізінен қосылған құн салығын қайтаруға қатысты. Дегенмен, мен салық салудың қазіргі құрылымы ең әділ деп санаймын», - деді министр Е. Досаев.
«Егер ставкалар мен жүктемелер туралы айтатын болсақ, біз ғана емес халықаралық сарапшылар да Қазақстанды әлемдегі салық жүктемесі ең төмен елдердің бірі ретінде бағалайды», - деді ол. Министр дағдарыстан кейін көптеген дамыған елдер салық жүктемелерін күрт арттырғанын айтып, Қазақстанда бизнеске 2009 жылдан енгізілген төмендетулер болмаса, салықтың ешбір түрі арттырылмағанын алға тартты.