Қазақстан әлемдік уран нарығындағы бағаға әсер ете алады -
"Қазақстаның атом өнеркәсібі үшін шешілмейтін мәселелер жоқ. Бірінші, уранның қоры өте көп. Жылына тауып отырғанымыз 15-20 мыңның маңайында. Ол кемінде 50-60 жылға жетеді. Сондықтан уран өндірісіндегі көшбасшылығын 30 жылға дейін ұстап тұра алады", дейді "Жоғары технологиялар институты" ЖШС-нің Бас директоры Серік Қожахметов. Оның айтуынша, Қазақстан келешекте өндірістің дамуын жасау үшін жоғары технологияның үлесі көп салаларға көшуде. Атап айтқанда, уранның байытылуы, жылу таблеткаларын жасау және атом энергия стансасының құрылуына қатысу. Оған еліміздегі мол уран қоры негіз бола алады. Серік Қасымұлының сөзіне қарағанда, дүниежүзіндегі уран нарығы енді Қазақстанға тәуелді болады. Қазақстанның ұсынған бағасы әлемдік нарыққа әсер ете алады.