Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, жыл басынан бері автомобиль жасау 51,8%, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8%, қағаз өнімдері 15,3% және жеңіл өнеркәсіп 11% өсті. Дайын өнімдердің экспорты ұлғаюда. Жеті айда автомобильдер экспорты 7 есеге, ферросилиций 6 есеге, күнбағыс майы 1,7 есеге, титан құймаларының экспорты 20,5%-ке өсті. Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалды», - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.
Жеті айда сыртқы сауда айналымы 48,7 млрд долларды құрады.
«Экспорт 28,6 млрд доллар, импорт – 20,1 млрд доллар болған. Сауда балансының оң сальдосы 8,5 млрд доллар деңгейінде сақталуда», - деді Р. Дәленов.