Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті мүшелерімен кездесу кезінде ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мәлім етті.
«Биылғы жыл Қазақстан үшін және оның сыртқы саясаты үшін атаулы болып табылады, яғни біздің ел өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басып отыр. Осы жылдары Қазақстан сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізді»,-деді министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде еліміз әлемнің 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатты.
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 73 шетелдік өкілдіктерін ашты. Оның ішінде 45 - елшілік, 6 - дипломатиялық миссия, 8 - бас консулдық және 6 - консулдық бар»,-деді Е. Қазыханов.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстанда 107 шетелдік мемлекеттер мен өңірлік және халықаралық ұйымдардың өкілдері тіркелген.