Әлеуметтік жәрдемақы бойынша Қазақстан көршілерінен айтарлықтай асып түседі.
Салыстырмалы түрде:
Орташа зейнетақы:
Қазақстан — 157 843 теңге;
Қырғызстан — 59 904 теңге;
Өзбекстан — 61 303 теңге;
Тәжікстан — 22 886 теңге.
Жүктілік бойынша жәрдемақы:
Қазақстан — 164 350 теңгеден 1 158 107 теңгеге дейін;
Қырғызстан — 122 198 теңге;
Өзбекстан — 34 520 теңге;
Тәжікстан — 11 415 теңге.
Орташа жалақы:
Қазақстан — 473 158 теңге;
Қырғызстан — 247 388 теңге;
Өзбекстан — 247 541 теңге;
Тәжікстан — 131 709 теңге.
Тікелей төлемдерден басқа, Қазақстан жанама әлеуметтік қолдау шараларын кеңінен жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, мемлекет жолаушылар тасымалын субсидиялайды, бұл халық үшін жол ақысын қолжетімді етуге көмектеседі.
Мәселен, 2026 жылға мыналар қарастырылған:
Астанада — әлеуметтік маңызды бағыттарды субсидиялауға 62,34 миллиард теңге
Алматыда — метро мен қоғамдық көлікті қоса алғанда, 107,6 миллиард теңге.
Бұған дейін ҚР Президенті әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін қадағалауды тапсырған болатын.