Азия біріншілігінің жоғары атағы үшін Қытай, Жапония, Тайвань, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея және Австралия елдерінің спортшылары бақтарын сынайды.
Қазақстанның намысын ерлер және әйелдер құрамалары қорғайтын болады.
Ерлер командасының құрамы: Павел Ильяшенко, Рүстем Сабирхузин және Андрей Солдатов. Аға жаттықтырушы - Дмитрий Тюрин.
Әйелдер командасының құрамы: Ксения Александрова, Дарья Хальзова және Юлия Колегова. Аға жаттықтырушылар - Валерий Кошельский және Лада Жиенбаланова.
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы - Вадим Чудновский.
Азия біріншілігіне әйелдер құрамасының лидері Азия-2012 чемпионатының күміс жүлдегері Арина Жиенбаланова жарақатына байланысты қатыспайтын болды.
Қазіргі бессайыс немесе пентатлон бес спорт түрін бір жерге үйлестіреді, олар: сайысу, жүзу, конкур, жүгіру және ату.