Қазақстан әлі күнге дейін әлем экономикасындағы энергияны ең көп тұтынатын елдердің бірі
Алқалы жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Расул Оразқұловтың атап өтуінше, Қазақстан әлі күнге дейін әлем экономикасындағы энергияны ең көп тұтынатын елдердің бірі болып отыр. Оның келтірген деректеріне сәйкес, еліміздің ішкі жалпы өнімнің энергия тұтынуы әлемдік маңыздағы орташа деңгейден 2,5 есе жоғары. Бұл орайда ол аталған жағдайдың орын алуына Қазақстан табиғатының қаталдығы мен қатар заңнамалық базаның әлсіз болуы түрткі болып отыр деген пікірін алға тартады.
«Қазақстанда ұлттық электр жүйелерін дамыту үшін энергетикалық қуатын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, алайда екінші жағынан алып қарасақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша да ауқымды шаралар қажет», дейді Р.Оразқұлов.
Оның атап өтуінше, Қазақстанның ІЖӨ-дегі энергия тұтыну көлемі географиялық жағдайлары ұқсас белдеуде орналасқан Канада, Финляндия және Қытай сынды мемлекеттерден жоғары. Сонмен қатар бұл мәселеде бірқатар проблемалар да бар. Мәселен, қолданыстағы «Энергия жинау туралы» ҚР Заңы декларативті, ал «Энергия жинау және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобасы әлі күнге дейін қабылданған жоқ.
Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің лауазымды қызметкерлері, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылары қатысты.