«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуі қазір ғана аяқталды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АӨІСШК-нің негізін қалаушы екені өздеріңізге де белгілі. Елбасы бұл бастаманы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 47-сессиясында жасады. Өткен жылы қыркүйекте Қазақстан АӨІСШК төрағалығын қабылдады. АӨІСШК Азияның көптеген елінің жоғары бағасы мен қолдауына ие болған Қазақстанның алғашқы халықаралық бастамаларының бірі саналады. Қазақстан төрағалығы кезінде АӨІСШК қызметін дамыту және оның халықаралық аренадағы рөлін нығайту үшін барлық күш-жігерін салады», - деді Ақан Рахметуллин БАҚ өкілдеріне.
Айта кетейік, кездесу барысында АӨІСШК-ні трансформациялауды одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстан 2022-2024 жылдарғы АӨІСШК төрағасы лауазымына кандидатурасын ұсынды.