«Ағымдағы жылдың ақпанында ҚР Президенті Қазақстан Республикасының агроөнркәсіп кешенін дамытудың жаңа 5 жылдық мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Ол нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған. Оны жүзеге асыру ауыл шаруашылығының жиынтық өнімінің көлемін 30 процентке, ал агроөнеркәсіп кешені өнімдері экспортын 600 млн. долларға арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.
Бірінші вице-министр Қазақстанның бірегей ауыл шаруашылығы әлеуеті оның Жібек жолы өңірі нарығына сапасы жоғары, экологиялық тұрғыда таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі жеткізуші болуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері қазірдің өзінде біздің дәстүрлі экспорттық нарығымызға айналып отыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР, Ресей және Еуропаға экспортқа шығару келешегі өте зор. Сондықтан біздің мұндай форматтағы ынтымақтастығымыз бағдарламамызды табысты жүзеге асыру үшін айрықша маңызға ие»,- деді Қайрат Айтуғанов.