«Шамамен 2,8 млрд текше метр газ туралы болып отыр. Бұл – Өзбекстан Республикасының өтініміне сәйкес алдын ала келісілген көлем. Жалпы, елдегі газ тасымалдау жүйесі туралы айтсақ, бізде газ құбырының басқа да желілері бойынша Ресей газын қабылдау мүмкіндігіміз бар. Бұл қажет болған жағдайда Ресей Федерациясының ресурстары есебінен газ тапшылығын жабуға мүмкіндік береді», - деді Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Сондай-ақ министр еліміз газ транзиті үшін қосымша ақы алатынын мәлімдеді. Одан бөлек, тілшілер Энергетика министрлігінің басшысынан биыл Өзбекстанға қанша көлемде газ тасымалдау жоспарда барын сұрады.
«Біз режимнің қалай болатынын көреміз. Дегенмен кем дегенде 800 млн текше метр газ жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деді А.Сәтқалиев.