Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға баратын контейнерлік жүктер көлемі екі есеге артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға баратын контейнерлік жүктер көлемі екі есеге артты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биылғы жылдың басынан бері Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға бағдар бойынша 1 210 пойыз жіберілсе, 2015 жылғы сәйкес көрсеткіш 503 пойыз болатын.

Сонымен қатар, Еуропадан Қазақстан аумағы арқылы Қытайға өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны да өскен. Бұл бағдарға жыл басынан бері 245 пойыз жөнелтілсе, өткен жылы 101 пойыз өткізілді.

«Жыл басынан бері 5 миллион тонна астық өнімдерін тасымалдады. Оның ішінде 3 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Сонымен қатар компания 2 миллон тонна ұн тасымалдаса, оның 1,5 миллион тоннасы экспортқа шығарылды», - деп мәлімдеді ҚТЖ-да.

Қазіргі таңда компания экспортқа контейнерлік пойыздармен шығарылатын жүктердің көлемін өсіріп, географиялық ауқымын кеңейту шараларын жүзеге асыруда.