«2016 жылдың 10 ақпаны мен 22 желтоқсаны аралығында сатып алу мерзіміне (ұзақтығына) байланысты барлық санаттағы вагондарға төмендегідей жеңілдіктер бекітілді: жол жүру құжатын 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 58% жеңілдік; жол жүру құжатын 30 тәуліктен 21 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 52% жеңілдік; жол жүру құжатын 20 тәуліктен 5 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 46% жеңілдік», - делінген компания ақпаратында.
Айта кетерлігі, аталған жеңілдік Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық пойыздарға ғана жарайды және мемлекетішілік (бір мемлекет аумағындағы) бағдарларда, сондай-ақ бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда бұл жеңілдіктер қолданылмайды.