Қазақстан Армениямен көп жоспарлы қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді
12:38, 22 Қазан 2013
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Армениямен көп жоспарлы қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді.
Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Армения Республикасымен көп жоспарлы қарым-қатынастарды нығайтуға, одан әрі дамытуға Қазақстан ерекше маңыз береді. Екі ел арасында барлық деңгейде сындарлы және өзара сенімде құрылған диалог орныққан»,-деді Елбасы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның Армениямен екіжақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге мүдделі екендігін, ал елшілік осы бағытта жұмыс істейтіндігіне сенім артатындығын баса айтты.
«Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграция үрдістеріне Ереванның қызығушылығын біз білеміз»,-деді Н. Назарбаев.