Қазақстан армиясы екі жаңа тікұшақпен толықты

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат – Ресейлік экипаждың басқаруымен, 2009 жылы шығарылған көп мақсаттағы екі «Ми-17- В-5» тікұшағы Қазан қаласынан Астана әуежайына келіп қонды. Аталмыш әскери машиналар РФ «Қазан тікұшақ зауыты» ААҚ-да шығарылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңадан қабылданған көліктік тікұшақтар ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде пайдаланылады. Қазақстан әскеріндегі осындай техниканың жалпы саны 17.Бұл машиналардың басты ерекшеліктері ? ұшқыштар үшін приборлар орналасқан тақтайшаның ыңғайлылығы. Мамандар пікірінше, әуе машиналарындағы мұндай техникалық жетістіктер ұшу-қону және ұшу кезінде ақпараттар жинақтауда өте маңызды рөл атқарады. Тікұшақтар басқа да қажетті жаңа технологиялық жабдықтармен жарақтанған.