Бұл пікірді ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы әскери шеруден кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Иранның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гурбан Сейфи білдірді.
«Оған дәлел бүгінгі әскери шеру бола алады. Жалпы шеру маған қатты ұнады, онда сіздердің мемлекеттеріңіздің қуатты әскери әлеуеті көрсетілді. Менің пікірімше, қазақстандық армия Орта Азиядағы ең үздік әрі өңірдің ең жақсы жабдықталған армиясы болып табылады», деді Елші өз сөзінде.