Қазақстан армиясы жаңа шабуылшы тікұшақты сынап көрді
Жуырда ғана қазақстандық Әскери-әуе күштерінің қару-жарақ қатарына Ми-35М тікұшақтары әкелінген болатын. Ұшқыштар ұшу техникалары бойынша қайта оқып, негізгі мақсат бойынша толық ұшуға кірісті. Осы мақсатта өткізілген жауынгерлік ұшулар сәтті орындалды. Танкке қарсы «Штурм» басқарылатын зымыранды, С-8 өздігінен ұшатын зымыранды, сондай-ақ алмалы-салмалы ГШ-23Л жылжымалы зеңбірек қондырғысынан оқ атылды.
«Ми-35 бірнеше ерекшеліктері бар, ол - жаңа нысана көздеу құрылымы және авиациялық зеңбірегі. Барлығы штаттық тұрғыда өтіп, барлық нысаналар дәл көзделді, сынақ бойынша тікұшақ жақсы жағынан көрінді», - деді авиациялық база командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Сағындықов.
Ми-35М шабулшы көпмақсатты тікұшағы Ми-24В тікұшағының барынша жаңартылған түрі. Тәулік бойы әскери іске жарату үшін ол қазіргі заманғы жылу байқаушы және телевизиялық арналары, лазерлік алысты өлшеуші құрылғысы және пеленгаторымен қоса навигациялық кешенмен және түрлі түсті дисплейлі көп қызметті электронды индикациямен жабдықталған. Тікұшақ жоғары ұшу-техникалық сипаттамасы бар, жоғары температурада және биік таулы жағдайларда тиімді қолданылуы мүмкін. Аталған Ми-35М жай және күрделі ауа райы кезінде тәулік бойы басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты әскери іске асыруды, сондай-ақ күндіз 10-25 метр биіктікте және түнде 50 метрге дейінгі биіктікте ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қабілетті. Әскери машинаның тағы да бір жетістігі оның жетілдірілген құрылымы тікұшақтың дыбысын төмендетуге, әскери өміршеңдігіне мүмкіндік береді, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуде қиындық келтірмейді.