Қазақстан армиясының мергендері әлемде үздік атану үшін бақ сынайды

Фото: None
БЕЛАРУСЬ. ҚазАқпарат – Осы күндері Беларусь Республикасының «Брестский» полигонында V Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауына қызу дайындық жүруде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақындағана жеребе тастау өтті. Қазақстан командасы 20-шы, байқау қожайындары 18-ші,ал ресейлік команда бірінші болып өнер көрсететіні белгілі болды. Одан басқа,барлық қатысушылар қарудың жәнеөзге де қажетті керек-жарақтың жиынтығын алып, сайысқа дайындықтың шешуші кезеңінекірісіп кетті», - делінгенақпаратта.

Мәлім етілгендей, командаларсайысқа жіберілу үшін полигонда жасақталған медициналық базада тексеруден өтті.

«Одан кейінбайқаудың барлық кезеңдері барысында қауіпсіздік шараларын сақтау бойыншасабақтар өткізілді. Байқауға қатысуға 21 елдің өкілдері ниет білдірді. Қызығушылықбілдіру жағынан «Мерген шебі» байқауы «Танк биатлоны» жарысынан кейін екіншіорында тұр.

Соңғы жаңалықтар