деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың тамыз айында орын алған оңтүстікосетиялық оқиғалар Кавказ өңіріндегі жағдайды ушықтырған болатын. Осыған орай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Венадағы штаб-пәтерінде Грузияда ЕҚЫҰ әскери байқаушыларының миссиясын құру туралы шешім қабылданып еді. ЕҚЫҰ-ға қатысушы ел ретінде Қазақстан Грузияға алғашқылардың бірі болып өз әскери байқаушысын жіберді. Әскери байқаушылардың қызметтеріне байқау жөніндегі миссияларды жоспарлау, тиісті есептерді дайындау, қақтығысушы тараптардың әскери өкілдерімен қарым-қатынаста болу міндеттері кірді.
2009 жылы маусымның 30-ында ЕҚЫҰ басшылығының шешімімен әскери байқаушылар миссиясы жабылды. Олжас Құсайынов - ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясында қызмет еткен Қазақстанның әзірге алғашқы және жалғыз әскери байқаушысы.
Миссияға қатысқаны және сауатты қызметі үшін қазақстандық офицер «Біз Кавказдағы қауіпсіздік үшін қызмет етеміз» деген ұранмен шығарылатын «ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясы» медалімен марапатталды.