«Қазақстан» арнасында әуе десантшылары туралы отандық сериалдың көрсетілімі басталады

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан «Қазақстан» ұлттық арнасында  «Көк тарландары» сериалының көрсетілімі басталады.

«Оқиға желісінде Қазақстан әскері қатарындағы әуе десанттарының өмірі жайлы сүреттелген.  Сериалда  олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен ерліктері, бастарындағы қиындықтарға қарамастан  тәуекелге бел буып,  Отан алдындағы борышын батылдықпен  орындап, еліміздің тыныштығын қорғауы жайлы баяндалған», делінген ұлттық арна таратқан баспасөз айғағында.

Сериалдың көрсетілімі 1 қазан күні, күнделікті сағат 23. 00-де басталады.