Оның хабарлауынша, қазіргі кезде шетелдік хикаялардың эфирлік уақыты 4 сағаттан асады. «Енді біз оны үш есе, яғни 1 сағат 40 минутқа дейін қысқартатын боламыз. Осылайша, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы шетелдік телехикаялардың эфирлік уақыты бірден 7 пайызға төмендейді», - дейді Л. Жүнісова.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары атап көрсеткеніндей, шетелдік телехикаялардың эфирлік уақытын қысқартудың арқасында ағымдағы жылдың соңына дейін 60 млн. теңге, ал келесі жылы 140 млн. теңге үнемдеуге болады. Ол ақшаның барлығы отандық телехикаялар мен бағдарламаларды шығаруға жұмсалады.